• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ХАНБИБІ АҚЫНМЕН СЫР-СҰХБАТ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 12, 2024
Spread the love

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр.
Осыған орай Шымкентте Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Ханбибі ақынның мерей тойына арналған бірнеше кездесулер өтуде. Соның бірі Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбатты айтуға болады.
Оған жүзге жуық оқырмандар қатысты. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Сатыбалды Қосалыұлы, жазушы, журналист Шойбек Орынбаевтар ақынға қошемет көрсетті.
Жиын барысында зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебіз білдірсе, студент жастар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды. Ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді.
Нақтырақ айтар болсақ, іс-шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері ақын поэзиясынан көпшілікке рухты сезім сыйлады. Ал, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады.
Нәтижесінде, ешкімге ұқсамайтын, өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақынмен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінде қалатындай өтті. Өйткені, елдің аузында Хан апа аталып кеткен ақын жеке басының емес, халықтың елдің мұңын жырлайтын ақын. Мысалға, оның «Мен – ақынмын, әйелмін әлемді ойлар, Қоғам дертін сімірген кесемде іркіп. Бай таяғы түк емес, төбемде ойнар, Қоғам дерті жіберді есеңгіртіп»,-деген ақын жырларының барлығы дерлік халықтық сипатқа ие.
Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Театр әлемі» атты бенефис кездесуі өтті.
Атаулы кездесудің басты кейіпкері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, театр режиссеры Асхат Маемиров пен Канн фестивалінің лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова және Астана Музыкалық жас көрермен театрының артистері болды.
Танымал ұжымның «Гауһартас» музыкалық драмасы республика бойынша қойылым саны мен кассалық көрсеткіш жағынан үздік нәтиже көрсетіп, рекорд орнатқан болатын. Ал, 2023 жылдан бері Қазақстанның барлық аймағына гастрольдік сапарға шығып, «Гауһартас» музыкалық драмасын 215 рет сахналады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика