Биыл Шымкент қаласында орналасқан 40 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.
2023 жылы коммуналдық баланстағы 20 көп қабатты тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда бұл бойынша бюджеттік өтінімдер ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 20 көпқабатты тұрғын үйге қайтарымды негізде «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал өткен жылы 60 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткен болатын.
2023 жылға қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда. Аудандық әкімдіктер тұрғынжай меншік иелерінің жеке инвестормен кездесулері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған реновация бағдарламасы тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі