Ұлы Отан соғысы әр отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Майдан даласынан бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама көкөрім боздақтардың қыршын жасы қиылды.
Отан қорғауға Келестің бір уыс топырағын алып Салыбай Өсербаевта барған. Ол Отан алдындағы борышын аяқтаған соң Венакинзберг, Чехословакия, Жапон, Хасан Көлі соғыстарына қатысып, әріқарай 1941 жылы Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып, аман есен елге оралады.
Елге аман есен оралған соң Рыскүл апамызбен отбасын құрып, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, сол балаларынан 19 немере сүйіп, шөбере сүйіп, бақытты ата әже болып 80 жасында дүниеден өтті.
Салыбай Өсербаев өмірінің соңына дейін бейбіт күнде өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етіп, әр Ұлы Жеңіс күніне өткізілген парадтарға омырауына жауынгерлік наградаларын жарқырата тазалап, киіміне тағып, жерлес майдангерлермен кездесіп, естеліктер айту үшін селолық Советтегі кездесулерге қатысатын. Бейбіт күннің қаншалықты қымбат екенін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігін көп айтатын.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі