• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ» СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Ноя 21, 2022
Spread the love

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің туризм саласында білім алып жүрген студенттерімен кездесті.
«Ең алдымен Сіздерді өткен мерекелеріңіз — Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын. Қазір Сіздерде білімге, тәжірибе алуға және осының бәріне үлгере отырып, әр күндеріңізді көңілді өткізуге арналған кезең өтіп жатыр. Шынымды айтсам, қазіргі жастардың талабы мені қуантады. Оқып та, жұмыс істеп те, өздерін ғана қаржымен қамтып қоймай, ата-анасына да көмек көрсетіп жатады. Жалпы, оқимын, жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндік бар екенін дәлелдеп жүрсіздер. Ал, туризм саласының қала үшін, қаламыздың дамуы үшін маңызы жоғары. Бүгін Сіздерге осы бағытта тәжірибемен бөлісіп, ұсыныстарыңызды тыңдап, жұмыспен қамту мәселесін қарастыру үшін келіп отырмыз», — деген Ерлан Ермекұлы студенттерге туризм саласында бизнес бастаудың оңтайлы жолдарын да атап өтті.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова өз сөзінде Туризм мамандығы сұранысы бар сала екенін айтып өтті. Мұндағы жастар түрлі жобалар жасап, белсенділік танытады. Жалпы, «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы — «Спорт және туризм» факультетінің құрамында. Мұнда туризм және ресторан ісі мен қонақ үй бизнесі бойынша жалпы саны 345 студент білім алып жатыр. Оның ішінде магистратура студенттері де бар. Студенттердің басым бөлігі жергілікті және Түркістан облысының жастары. Одан өзге, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, сонымен қатар, шетелден келіп білім алып жатқан студенттер де бар.
Кездесу соңында студенттерге қала тарихы, туристік мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Оқытушылар мен белсенді студенттер мерекелік алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, алдын ала жарияланған конкурсқа сәйкес, туризмнің 4 даму бағыты бойынша студенттер өз жобаларын ұсынды. Комиссия құрамы жобаның маңызын ескере, ұтымды деп тапқандарын қолдап, арнайы сертификаттар берді. Басқарма тарапынан да осы жобаларды іске асыруда қолдау көрсетілетін болады.
Іс-шара аясында туристік бизнес өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, туризм саласының маңызына тоқталды. Сонымен қатар, болашақ туризм мамандарын жұмыспен қамту ісіне белсене қатысатындарын айтты. Сондай-ақ, “Rixos Water world Aktau” курорттық қонақ үйінің басқарушысы Серік Исағалиев те еліміздің туристің мүмкіндіктері жайлы айтып өтті. Жалпы, студенттер басқармада, туроператор, турагент, гид-экскурсовод, ресторандар, қонақ үй саласы сынды және басқа да орындарда қызмет ете алады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика