Басқарма басшысы О.Таджибаев және «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры Е.Жиембай көпқабатты тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексерді.
Қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Аралау барысында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесіп, құрылыс сапасы тұрғындар тарапынанда қадағаланатын айта келе, алдағы уақытта аталған жұмыстарды сапалы аяқтау бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Қазіргі таңда, Жангельдин көшесі №12Б үйдің шатыры ауыстырылуда, жылу, кәріз және су жүйелерінің құбырларын жаңарту жумыстары жургізіліп жаткан болса, Спорт шағын ауданы №12 көпқабатты тұрғын үймен Иляев көшесі №22 үйдің шатыры ауыстырылуда және кіреберістің жөндеу жұмыстары мен қатар электр жүйелері жаңартылуда.