• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАЙЫППЕН ШЕШІЛЕДІ

Автор:admin

Ноя 9, 2022
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева баспана мәселесі бар тұрғындарды қабылдады. Елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да мәселені Заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.
Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.
Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:
1)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2)жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
4)халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
5)мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;
6)жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.
Айта кетейік, тұрғын үй сертификаттарын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қатыса алады.
2021 жылы мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілгендігін айтып өткен жөн.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика