• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА

Автор:admin

Июн 1, 2024
Spread the love

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орталық саябақта жас бүлдіршіндермен кездесті.
Тәртіп сақшылары еліміз үшін бала қауіпсіздігі басты орында екенін айта келіп, сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осы аға апкелер деп өздерін таныстырды.
Сонымен қатар балапандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап,ойын алаңдарында жүрген қала бүлдіршіндеріне тәтті балмұздақ үлестірді.
Бала — өмірдің мәні, еліміздің болашағы екіндігін ескерген тәртіп сақшылары сақшылары мереке қарсаңында қонжық киімдерін (аниматор) киіп мерекелерімен құттықтағаны балаларға ерекше қуаныш сезімін сыйлады.
Бүлдіршіндер полицей аға – әпкелеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жаздың бірінші күніне сәйкес келетін балаларды қорғау күні-ең көне халықаралық мерекелердің бірі, ол 1950 жылдан бері бүкіл әлемде тойланып келеді. Халықаралық балаларды қорғау күні көптен күткен демалыстың басталуымен сәйкес келеді, балаларға алаңсыз жаз ашады, ал барлық ересектер өз балалары үшін ғана емес, әр бала үшін, оның өмірі мен денсаулығы үшін, болашағы үшін үлкен жауапкершілікті тағы да еске салады.
Әр адам үшін баласынан артық құндылық жоқ. Балалардың бақытты балалық шаққа, терең білімге, таланттарды дамытуға, салауатты өмір салтына құқығы қамтамасыз етіледі. Бақытты бала- бұл өз отбасы мен Отанының ертеңіне мән беретіндердің күнделікті жұмысының нәтижесі. Балалар осы жаз айлары сіз үшін жарқын және қауіпсіз болсын! Кез келген істе тәуекел етуден қорықпаңыз. Қиындықтарға жол бермеңіз. Әрқашан және бәріне үлгі болыңыз!
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика