• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері де өзгеріп тұрады. Қазақстанда ана мен баланы қорғау, демографиялық жағдайды жақсарту мен бала тууды ынталандыру шаралары аясында бірнеше мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.  биыл жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншаға өскенін және кімдерге берілетінін анықтады.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2018 жылы 91 390 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 2018 жылы 151 515 теңге.

Бір жасқа дейінгі берілетін ай сайынғы жәрдемақы
Сәби бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдерге):

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 13 853 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 16 379 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 18 880 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 21 405 теңге.

Ал жұмыс істейтін әйелдерге бала күтіміне байланысты бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері былай есептеледі:
Төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөліп, содан кейін 0,4-ке көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау қажет.
Мысалы, айталық, сіз босанғанға дейін 2 жыл жұмыс істедіңіз, жалақыңыз 200 мың теңге. Енді жалпы жиынтық табысты есептеу үшін 200 мың теңгені 12 айға көбейтеміз.
12*200 000= 2 400 000
Осы 2 400 000 теңгені 24 айға бөлеміз: 2 400 000/24= 100 000 теңге
100 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері. Осы орташа айлық мөлшерді 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарнасын шегереміз.
100 000*0,4 = 40 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 36 000 теңге алады. Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі: орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.  Бұл жәрдемақы түрлері баланы туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар отбасыларға тағайындалады.  Сонымен қатар, биыл Елбасының тапсырмасымен 1 шілдеден бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.  Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика