• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЛАНЫҢ ШЫНАЙЫ КҮЛКІСІ — ӘЛЕМНІҢ БАР БАҚЫТЫ

Автор:admin

Июн 2, 2024
Spread the love

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған. Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені Қазақстан да жыл сайын атап өтеді
Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1-маусым балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс шараға ат салысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау құрметіне ие болды.
Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.
Балалардың құқығымен байланысты мәселелерді елімізде Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттейді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар.
Шара барысында әсем ән айтылып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балалардың шынайы күлкісі әлемнің бар бақыты екендігін сезінген шараға қатысушылар өз алғыстарын білдіріп тарасты.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны — 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады.
Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында 18 жасқа дейінгі балалар жалпы өңірде тұратын халықтың халықтың 43,3%-ын құрайды. Одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%). Түркістан облысында – 927 107 бала тұрады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика