• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ ШЕРУ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2024
Spread the love

Арбат демалыс аймағында өнерпаздардың “Балалық шақтың мекені” атты шеруі бүгінгі мерекені айшықтай түсті. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Оқушылар сарайының барабаншылар тобы, Саз колледжінің үрмелі және ұлт аспаптар оркестрі, театр қуыршақтары мен балалар персонаждары атсалысты.
Халықаралық балаларды қорғау күні не үшін қажет деген сұраққа келер болсақ, бұл мереке ересектерге балалар әлемі нәзік екенін, оларға үнемі қолдау мен қорғау қажет екенін еске салады. Атаулы күн күллі адамзат баласын жасөспірірімдер мәселесіне бей-жай қарамай, мемлекеттік деңгейде олардың шешілуіне кепілдік бере алу керектігін айғақтайды. Бұл күні барлық балалар мекесі мен отбасы мерекені естен кетпестей етіп өткізуге тырысады. Халықаралық балаларды қорғау күнінің өз нышаны – туы бар. Оның түсі жасыл әрі тудың ортасында түрлі-түсті бояумен салынған балалардың сұлбалары бейнеленген. Олардың барлығы Жер шарына қол тигізіп, баршаның мәңгілік мекені – Жер екенін көрсетеді.
Балаларды қорғау күнінің атап өтілуі – олардың құқықтары қазіргі қоғамда қалай қорғалып жатқандығына назар аударудың басты себептерінің бірі болып табылады. Бұл дүниежүзіндегі балалардың өзекті мәселелерін шешуге арналған мүмкіндік болып саналады. Ал балалар үшін отбасымен қарсы алатын, естен кетпес естеліктерге толы мереке болып есте қалмақ.
Мерекелік күннің негізгі міндеті – Халықаралық конвенцияда бекітілген, балалар құқықтарын қоғамға тағы бір рет еске салу әрі оны насихаттау болып табылады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:
— Өмір сүру құқығы. Балалар өмірі түрлі әскери қақтығыстардан, ауыр сырқаттардан, аштық пен кедейліктен қорғалуы тиіс.
— Лайықты өмір сүруге, тәрбие алуға, оқуға және физикалық әрі рухани тұрғыда дамуына тең құқылы болу.
Балалар құқығын қорғау күнінде сонымен бірге әлем бойынша балаларға қатысты шешілмеген, түйткілді мәселелерге назар аударып, оны шешу жолдарын ұсынуға баса мән беріледі. Мұндай өзекті мәселелердің қатарына мыналар жатады:
— Кей елдерде халықтың басым көпшілігі, оның ішінде балалар аштықтың зардабын шегеді.
— Балалар әскери қақтығыстардан, ЖИТС, ВИЧ-инфекциясы және өзге де күрделі аурулардан көз жұмады.
— Үшінші әлем елдерінде кәмелет жасына толмаған балаларды ауыр еңбекке салып, құлдыққа сатады.
— Оқу орындарының болмауы салдарынан кей балалар кейде тіпті бастауыш мектепте білім ала алмай жатады.
Мерекелік репертуар, музыкалық аспаптардың үйлесімі, сазды-театрландырылған шеру көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Шеру Оталық саябаққа дейін жалғасты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика