• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Балаларының түнгі серуені үшін 100-ден астам шымкенттік жауапқа тартылды

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Өткен демалыс күндері мегаполистің ювеналды полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында рейд өткізді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Полиция департаментінің басты мақсаты — жас буынды зиянды әрекеттерден сақтандыру, кез келген қылмыстың алдын алу. Жасөспірімдерге бағыт-бағдар беріп, зиянды әрекеттерге тосқауыл қою. Жас тар біздің өсіп келе жаьқан ұрпағымыз.
Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 140 баланы анықтады. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 5 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 442 бабының 1 бөлігімен хаттамалар толтырылды. Ал, мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекстің 132-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика