Шым шаһарда қала күніне орай, Тұран ауданында заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ойын алаңшасының ашылу салтанаты мерекелік шараға ұласып, балақайларға ойыншықтар үлестірілді. Аталмыш шараға Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол, «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев қатысты.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында қаламызда 130 -дан аса балалар алаңшасын салу және жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылы Тұран ауданында 13 балалар және 10 спорт алаңшасы салынуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.