Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Мұрат Камалов қызмет етеді. Ол өзінің жұмыс күнінде үнемі оқушылар қауіпсіздігіне баса көңіл бөледі.
Полиция қызметкері еңбек ететін Төлеби ауданында жалпы 68 мектеп бар. Онда 30 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінгі таңда Төлеби аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып түрлі профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.
Осы істің басы-қасында жүрген полиция майоры Мұрат Асанұлы жасөспірімдер арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша оқушыларға ақпарат беріп, «Жол жүру ережелері» тақырыптарында жүйелі түрде сабақтар ұйымдастысырады.
Тәртіп сақшысы әр дәрісінде оқушыларға лудомания, кибербуллинг, нашақорлық, жол қозғалысы ережелері, әлімжеттік тақырыптарында ашық әңгіме өрбітеді. Бастауыш сынып оқушыларын жол бойында тікелей қауіпсіздікпен таныстырып, тәрбие сағаттарын өткізеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі