• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Апр 28, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Базарқақпа тұрғын алаптарының ауыл билерімен және жергілікті тұрғындардың катысуымен кездесу өткізілді.
Ұлттық саясат — бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұлттық саясат этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80 проенттен астамы көп этносты және көп дінді. Сондықтан Ұлттық саясат әрбір мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың маңызды сегменті саналады. Ұлттық саясат этносаралық татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды.
Этносаясаттың мақсаты — елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне толеранттылық көрсетеді. Ұлттық саясат өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. Оның мақсаты — ұлттық өмірді модернизациялау, ұлттық құндылықтарды сақтау және оның тынысын ашу.
Бүгінгі күні елімізде жүзден аса этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Мінекей өткенге көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының ішкі тыныштығын, қоғамның татулығын сақтаудың өте маңызды екенін көреміз. Оған тек этносаралық келісімді сақтай отыра қол жеткіземіз. Сондықтан да мемлекет өзінің мойнына жүктелген бүкіл әкімшілік қызметі барысында тарихи мекендеуші ұлтпен қатар басқа этнос өкілдерінің қамын ойлап, олардың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғап, ың-шыңсыз, бейбіт келісімді қарым-қатынасына тиімді жағдай жасауға, этносаралық татулықты күйттеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, оның ең негізгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық тәсілмен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін іске асыруды өзінің міндеті санайды.
Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар.
Бірлігіміз бекем болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика