• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АҒАШ КӨШЕТТЕРІНЕ КҮТІМ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Авг 25, 2023
Spread the love

Шымкент қаласындағы иран этномәдени бірлестігінің белсенділері дендросаябақтағы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» аллеясына отырғызылған ағаш көшеттерін суғарып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Еліміз егемендігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде алған асуларымыз жетерлік. Ол, әрине, елдегі татулық пен бірліктің арқасы. Себебі бірлік пен бейбітшілік болмаған жерде тәуелсіздік бағы да баянды болмайды.
Елдегі осы бір бейбітшілік пен келісімге себепші болып отырған бірден-бір орган бар. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр. Әлем қауымдастығы жоғары бағалап отыр. Әсіресе ұйым жанынан құрылған ерікті жастар қозғалысының қоғамға тигізіп келе жатқан пайдасы зор. Соңғы жылдың ішінде ғана ауыз толтырып айтарлық жұмыстарды жүзеге асырған Шымкент қаласының «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі тиімді тіршілігімен көпшілікті таңғалдырып келеді.
Түрлі этнос өкілдерінің достық, белсенді азаматтық патриотизм және Қазақстанға деген сүйіспеншілік үлгілерін көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың ішінде этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Ассамблея жастары» РҚБ қатысуымен «Таза табиғат» жалпы республикалық экологиялық акциясы, ҚХА еріктілері мен қайырымдыларының «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы, өзге этностардың мемлекеттік тіл мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі мен құрметтейтінін көрсететін қазақстандық этностардың қатысуымен «Сен деп соғар жүрегім» патриоттық челленджі, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этникалық топтар өкілдерінің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының қатысуымен Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындау, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен түсірілген «Тал ек!», «Кітап сыйла!» іс-шаралары ұйымдартырылуда.
Белсенділердің айтуынша, енді қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің өкілдері әр апта сайын дендросаябақтағы «Достық» аллеясына отырғызылған көшеттерді суғару бастамасын жалғастырып, тал-дарақтың шілде суынан қысылмай шығуына септесетін болады. — Аллеяға көшеттерді биыл көктемде отырғызылды. Сол уақыттан бері ағаштарды күтіп баптау ассамблея белсенділеріне тапсырылды. Биыл шілде айы ерекше ыстық болып тұр. Сондықтан артылған сенімнің үдесінен шығу үшін көшеттерді суғару бастамасын қолға алынған. Айта кетейік, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Достық» аллеясына жүзге жуық көшеттер отырғызылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика