Абай ауданы әкімі аппараты және Абай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалар қауіпсіздігін сақтау, терезеден құлау жағдайларын болдырмау алдын алу ауданмақсатында Шымсити, Ақжайық шағынаудандарының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Балалардың ата-ананың бақылауынсыз қалуы, терезелердің темірмен қоршалмауы, москитті тордың осал бекітілуі және балалардың терезе алдында ойнауы терезеден құлаудың басты себептерінің болып табылады.
Көпқабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатындағы жадынамалар ілінді.
Сонымен қатар, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және электр тоғынан сақтану қауіпсіздік ережелері сақтау жөнінде үгіт-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған бағытта жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Б.Пармановтың төрағалығымен Темірлан тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың алдын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстарда Абай ауданы әкімінің аппараты, учаскелік полиция қызметкерлері қатысуда.
Абай ауданы әкімінің аппараты мамандары аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасқан арнайы жабдықталмаған орындарда шомылып жүрген тұрғындар мен жас балаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара барысында тыйым салынған белгісі бар орындарға және мас күйде шомылмау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысқан барлық адамдарға ескертпе жадынамаларын таратып, көрнекі жерлерге ілінді.
Бұхарбай Рысқұлұлы орын алған кемшіліктерді реттеу, күрделі мәселелерді құзырлы мекемемен бірлесіп шешуді тапсырды.