• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ата-анаға берілетін кеңес!

Автор:admin

Сен 30, 2022
Spread the love

Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. 2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. 3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер. 4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз. 5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі). 6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат — өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады. Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: § ақпараттық; § тәрбиелік-дамытушылық; § қалыптастырушылық; § қорғау-сауықтырушылық; § бақылаушылық; § тұрмыстық. Аталған өзара әрекеттің міндеттері: § ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; § ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру. Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары: § отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; § отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; § олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау Ата — ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика