• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АСТАНАДА АССАМБЛЕЯНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Апр 27, 2023
Spread the love

Бүгін Елорда төрiндегi «Бейбітшілік және келісім» сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII cессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтедi. Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өтетiн алқалы жиынға елiмiздiң өңірлерiнен делегаттар шақырылған.
Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында осы ын­ты­маққа басымдық берілгені аңғарылды. Бір­лік күні – татулық пен келісімді дә­ріп­­тейтін мейрам. Қасиетті Отанымыз­дың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын де­сек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы қа­жет. Президент ең әуелі ассамблеяның ал­қалы жиынын жыл сайын ел бірлігі кү­ніне орай өткізу дәстүрге айналғанын оң­ды бағалады.
Бірліктің бірегей моделін қалып­тас­тыру­да маңызды рөл атқаратын Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құрудағы мақ­сат – еліміздегі қоғамдық-саяси тұ­­рақ­тылықты қамтамасыз ету жолында мем­­лекеттік және азаматтық қоғам инс­ти­туттарының этносаралық қатынас са­­­л­а­сындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арт­тыру болатын. Қазір мемлекет ең бі­рін­­ші кезекте халық құндылығын баға­лай­ды. Яғни, біз үшін халықтан биік ұғым жоқ. Ал халықтың күші одан әрі мық­­ты әрі бекем болуы үшін бейбітшілік қа­жет.
Өз кезегінде Президент елімізде сая­си реформалардың жемісті болғанын атап өтті. Бұл тұрғыда былтыр өткен ре­­фе­рендумның тарихи маңызы зор. Әділетті Қазақстанды құру ісіне бүкіл халықты жұмылдырған науқан болғаны анық. Мемлекет басшысы жұртымыз жауапты сәтте ұлт ретінде ұйыса алғанын алға тартты. Референдумның түпкі нә­тижесі және халқымыздың басты же­тістігі жүзеге асты. Сондықтан бірлік де­ге­німіз – мақсатымызға апаратын жол ғана емес, мемлекеттің ең басты тірегі. Президент әр жиында еліміздің тәуел­сіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат екенін жиі еске салады. Ел бір­лігі осы мызғымас құндылықтармен қа­­тар тұруы тиіс. Сонда ғана болашағы­мыз баянды болмақ. Татулық пен келі­сім тек мемлекеттік саясатта емес, қо­ғамд­а, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жер­де дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстаны­мына айналуы қажет.
– Халқымыз бірліктің және тыныш­тық­тың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ же­рі­нен пана тапқан барша этнос үшін де қымбат құндылықтар. Осы құнды­лықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр.
Бұл – теңдессіз жетістік! Әрбір азамат бір­лік­ті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үз­діксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік бол­са ғана, тірлік болады. Біз осы мыз­ғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассам­блеяның қажеті жоқ» деген ұш­қары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, ассамблея – мем­лекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұр­ған басты институт, – деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
Айта кетейік, Шымкент қаласынан құрамына қала басшылығы, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қалалық ҚХА жанындағы құрылым жетекшілерi енген делегация арнайы қатысуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика