• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АРҒЫМАҚ, АҚЖАР ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Апр 4, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, «Арғымақ», «Ақжар» тұрғын алаптары тұрғындарымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім мәселелерін түсіндіруге бағытталған кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, Тұран ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу, мәселелері қозғалып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсінік берілді.еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді, деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика