2024 жылдың 4—5 қыркүйегі аралығында Арыс қаласы аумағында Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қауіпі туындағанда және орын алғанда басқару органдарының, құтқару командаларының және халықтың іс-әрекетін пысықтау бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілуде.
Жалпы Арыс қаласы 7 балдық сейсмикалық аймаққа жатады. Осыған орай, жер сілкінісі қауіпі туындағанда және орын алған жағдайда атқарылатын іс-шаралар практикалық түрде өтетін болады.
Атап айтқанда — қалалық хабарландыру құрылғылары іске қосылады, халықты эвакуациялау және қауіпсіз аймаққа орналастыру, темір жолда химиялық қауіпті зат төгілгенде оны жою, халыққа противогаз тарату, ірі өртті және орман, дала өрттерін сөндіру, су басу қауіпін алдын алу, жедел ден қою жасағын дайындыққа келтіріп көрсету.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі