• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Арыс ауданында 11 полицей зейнетке шықты

Автор:admin

Апр 6, 2024
Spread the love

Ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығу – әрбір полиция қызметкерінің нәтижелі межесі.
Арыс аудандық полиция бөлімінде осындай жемісті мәреге жеткен ІІО-ның 11 қызметкерін салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Полиция подполковнигі Б.Куатов: «Қай жерде, қай елде болмасын қариялар ерекше құрметке лайық. Талай жылдар тағылымы толысып, құрметті демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын! Зейнеткерлікке жетсеңіздер де қимылдарыңыз ширақ. Сондықтан сіздерге зейнеткерлікте де еліміз бен халқымыздың жарқын болашағы жолында үлес қосуға ынта-жігер мен шабыт тілейміз!»- деп ұжым атынан алғысын айтты. Құрметпен шапан жауып, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика