• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ…

Автор:admin

Ноя 1, 2022
Spread the love

«Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 21 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

АХАТ саласы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 17.04.2015 ж. №219 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттарына сәйкес, баламалы негізінде мынадай қызметтер көрсетілуде:

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 784 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 733 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 51 өтініш.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру:

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажет.

2022 жылғы 7 айда 1918 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 24 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 166 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 486 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 24 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 462 өтініш.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 36 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 29 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 7 өтініш.

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою:

көрсетілетін қызметті беруші;

қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.».

2022 жылғы 7 айда 2 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 3243 өтініш келіп түскен. Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) – 196 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 3047 өтініш.

 

 

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен төмендегі қағидалары бекітілген:

 

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу

 

«Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) алу үшін өтініш беруші «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын, мүгедектің тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

2022 жылғы 7 айда 245 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 206 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 39 өтініш.

 

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

 

«Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын өтінішпен және мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін)электрондық құжатпен жүгінеді.

2022 жылғы 7 айда 962 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 562 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 400 өтініш.

 

Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

 

«Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын өтінішпен және мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

2022 жылғы 7 айда 166 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 150 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 16 өтініш.

 

Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының және Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

 

Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

2022 жылғы 7 айда 160 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 24 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 136 өтініш.

Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

 

Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

2022 жылғы 7 айда 852 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік корпорация арқылы – 564 өтініш, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 288 өтініш.

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен төмендегі мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген.

 

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

2022 жылғы 7 айда 7 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы түскен.

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 255 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен төмендегі мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген.

 

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 107 өтініш келіп түскен. Барлығы Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен.

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 130 өтініш келіп түскен. «электрондық үкіметтің» веб-порталы» арқылы – 1 өтініш. Мемлекеттік корпорация арқылы – 129 өтініш.

 

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 7 айда 29 өтініш келіп түскен. Барлығы Жергілікті атқарушы органға (ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне) келіп түскен.

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 16.10.2020 жылғы №539 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалары негізінде,

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

2022 жылғы 7 айда өтініштер түсбеген.

 

 

2022 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары» бекітілген.

 

Бекітілген қағидалары Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметті 2022 жылғы мамыр айынан бастап ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жеке тұлға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) өзі жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын береді.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ШЖК ААЖ) жолдайды.

Жергілікті атқарушы органдар еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдарымен (бұдан әрі – аумақтық органдар) келіседі.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көзделген талаптарына сәйкестігін тексереді, оның ішінде:

1) өтініштің мазмұнын жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен және Мемлекеттік корпорациядан алынған мәліметтермен салыстырады;

2) жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы өтініште көрсетілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне сәйкес келетінін тексереді;

3) еңбекші көшіп келушіге жасалатын жинақтау материалдарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тіркейді.

ХҚКО ИАЖ-дан ШЖК ААЖ-ға келіп түскен құжаттар автоматты түрде «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КП АЖ) қарауға жіберіледі. Аумақтық органдар келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.

Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.

 

Бұл қызметі бойынша Мемлекеттік корпорациясынан мамыр айынан бастап 334 өтінім келіп түскен.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика