• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ар анадан, өнеге әкеден жұғысты болсын!

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love

Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау – әрбір адамның қасиетті борышы.

 Көңілдің алаң болып жүрген шағы еді бұл. Дүние мынау!.. Мазасы кетіп маздап жатқан сол дүниенің бүгінгі күні отқа оранып, оққа байланып бара жатқандығы алаңдатып, содан алаң көңіл шір­кіннің пәс тарта бастаған осы бір шағында Елбасы өз елі мен халқына аталы сөзін айтып, еңсемізді тағы бір тіктеп, рухымызды тағы да биіктетіп, алдымызда үмітті өмір бар екендігін ұғындырып берді.

Бұған дейін де талай да, талай бір аталы сөз айтып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана болып өткен «Мерейлі отбасы» Ұлттық бай­қауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзін «Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі», – деп бастауының дәмі татымды, мәні тартымды екендігін бүгінгі әлем ахуалы бізге айқын ұғындыра түскендігі бар.

Елбасының өткен жылғы Жар­лығымен қыркүйектің екін­ші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі болып белгіленіп, соған орай елімізде тұңғыш рет ұйымдас­ты­рылған «Мерейлі отбасы» байқауы тек қана сол байқауға қатысқан отбасыларының ғана емес, барша қалың елдің, барша қазақстандықтардың қуанышы болып отырғандығының куәсіміз осы күндері.

Елдің аузында Түрлі тағдырлы отбасылардың өнегелері мен сауапты істері және де сол отбасылардың әрқайсысына автокөлік сыйлап, қуантқандығына әркім сол сый-сыяпатқа тап бір өздері ие болғандай қуанғандықтарын да көрдік, соған ел ішінде жүріп куә де болдық. Осы күндері жаяу жүрген ешкім де жоқ болар. Сыйға тартылған көліктен бұрын көңілі қымбат еді., әр отбасына деген ықыласы мен мейірімі, кеңпейілі мен ашық та адал жаны барша жандарды тағы бір шаттандырып жүре бергендігі де сол еді.

«Мерейлі отбасы» жалпы­ұлт­тық тұңғыш байқауының барлық қазақстандықтардың ортақ салтанатына, ортақ қуанышына айна­луының өзіндік терең сыры да бар. Бұл жайында – «Біздің еліміз – бәріміз бірге біртұтас отбасы ретінде құрып жатқан бейбітшілік пен келісімнің үлкен де берік үйі. Онда біздің балала­рымыз, немерелеріміз және барлық келер ұрпақ қауіпсіз, молшылықта және әл-ауқатты өмір сүруі үшін оны ғасырларға арнап тұрғыздық. Әркімнің басында баспанасы, оқуға, денсаулығын нығайтуға, лайықты жұмыс істеуге, дастарқанында ыстық нан болу мүмкіндігін қаладық. Бұл халықта болуы мүмкін ең қымбат дүниелер», деп Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар мен этностарды біртұтас отбасы, олардың барлығының да, яғни бәріміздің де бейбітшілік пен келісімнің үлкен де берік үйі Тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатқандығымызды өте бейнелі етіп, санаға жеткізе айта білді. Осы бір аталы сөзі бізді, сол бәріміздің «біртұтас отбасымыз» бен «үлкен де берік үйіміздің» бірлігі мен берекесі және де тыныштығы мен татулығы үшін бәріміздің де бір ғана ортақ жауапкершілігіміз бар екендігін ұғындыра түсері бар. Осы ой сабақтастығымен тағы да бір айтарымыз, «Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі» деген осы бір ауыз сөзі ұрпаққа ұран, санаға сабақ болуы керек.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика