• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Автор:admin

Авг 23, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде экологияның өзекті мәселелері, «Шымкент Бас Жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының 7 айлық қорытындысы талқыланды.
Экология департаментінің басшысы Е.Қозыбаев мегаполистің экологиялық ақуалын баяндап, тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға тоқталды. Санитарлық қорғау аймақтарын бекітуге, өзен сулардың жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков «Шымкент Бас Жоспары» мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – қала құрылысын, сәулеттік келбетін жақсарту, жер қатынастары және қала аумағын тиімді пайдалану саласын жетілдіру болып табылады.
Биыл Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қаланың басты көшелерін бірыңғай стильде дамыту мақсатында 62 көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін жаңғырту қолға алынды.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 46 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қазірдің өзінде ретке келтіріліп жатыр. Қалған 16 тұрғын үй бойынша мердігер мекемелер анықталып, оларға қажетті келісімшарттарды жасау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жұмыстардың жоғары сапамен және уақытында аяқталуын қамтамасыз ету жағын қадағалауды жауапты органдар өз мойнына алған.
Маңызды жоба қаладағы үш ауданның тұрғын үйлерін қамтиды. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында — 32 көпқабатты тұрғын үй, Қаратау ауданында — 18 үй, ал Тұран ауданында — 12 үйдің қасбеті жаңартылады.
Қала инфрақұрылымын жақсартуды көздейтін бұл бастама тұрғындарға қолайлы орта құруға арналған кешенді жоспардың бір бөлігі. Жаңғырту бұрындары немесе кейінгі жылдары салынған ғимараттарды замануи етіп, көркіне көрік қосады. Әрі, мамандардың пікірінше, қала экологиясын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені ғимарат қасбеттерін жаңғыртуда энергия үнемдейтін материалдар пайдаланылады. Сонымен бірге үйлердің қауіпсіздік деңгейін де арттырады. Жаңғырту жұмыстары барысында ғимарат конструкцияларын бекітуге де мән беріледі. Бұдан басқа, эстетика мен дизайн жағы да сырт қалмайды. Жаңартылған қасбеттер Шымқаланың архитектуралық ансамблінің келбетін бұзбауы тиіс деген талап бар.
Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2312,3 шақырымға асфальтбетонды жабынды төселген. Шағал тасты жол — 831,4 шақырым. 103,9 шақырым — топырақ жолдың үлесінде.
Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы ағымдағы жылы Шымкент қаласының жол желісін дамыту 47 нысанды немесе 159,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қамтиды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Утебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуына тоқталды. Жалпы, биыл қалада 26 482 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоспар екі бағытта — азаматтардың жеке бастамасымен және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жұмыс орындарының құрылуына мүдделі салалық басқармалардың тиісті іс шараларды жүйелі түрде атқаруына қатысты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі сондай-ақ жауаптыларға жастарға қарастырылған білім гранттарын беруді тездету, жол құрылыстарын мерзімге сай атқару, тұрмыстық қалдықтарды жинастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика