Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Әділет департаменті басшысының м.а. А.Исабекова әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот қаулыларын орындау шеңберінде тәркіленген материалдарды жергілікті атқарушы органдарға берудің мәселелерін баяндады. Бұл ретте қала әкімі сала басшыларына бюджетке салмақ салмай, қолданыстағы қоймаларды тиімді пайдалануды тапсырды.
Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек жаңа жылдық безендірілудің тұжырымдамасы мен дайындығымен таныстырды. Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға аталған мерекені эстетикалық талғаммен, креативті түрде ұйымдастыру бойынша тапсырма берді.
Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы А. Жұмақұлова әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың БАҚ және қоғаммен өзара іс-қимылының мәселелері туралы баяндады. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардан түскен өтініштерге сапалы жауап беріп, өзекті мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды.
Сонымен қатар қала басшысы ретсіз саудамен күресті жүргізе алмаған. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне шара қолдануды ескертті. Алдағы ауа райының қолайсыздығын ескерген қала басшысы су алу қаупі бар аумақтарда тиісті шараларды жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлерде жылу сапасын қадағалауды тапсырды.
Қоса кететін, ретсіз сауданы жою мақсатында Абай ауданы әкімдігі мен тәртіп сақшылары тарапынан “Шымкент сити” саябағында күнделікті рейд жұмыстары жүргізілген болатын.
Қала тұрғындарын заңға бағынып, тек ресми сауда-саттыққа рұқсат берілген орындарда ғана сауда жасауға шақырамыз.
Әрбір тұрғын қаланың көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарын тек арнайы орынға тастаса ғана тазалық мәдениетін қалыптастыра аламыз.