Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы №426 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылғанын қуанышпен хабарлаймыз! 2024 жылдың 12 мамырында Қазақстанда алғашқы рет « Аналар күні» атап өтілді.
Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Қоғам дамуында ана мен бала өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы, әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, ана мен баланы қорғау саласындағы құқықтық база БҰҰ құрылғанға дейін де қалыптаса бастады. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен бұл мәселеге айтарлықтай кең, жаһандық мән берілді. 1948 жылғы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында «Ана мен бала ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқылы» делінген. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас конференциясы 1952 жылы ананы қорғау туралы Конвенцияны қабылдады. Ал 1959 жылы Бала құқықтары жөніндегі арнайы декларация қабылданды.
Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, бұл тұрғыда мемлекет басшыларының жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес. Мәселен, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда: – Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.
Ал, келесі жолдауда «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғалуы тиіс. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп аталған болатын.
Елімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті әрі көкейтесті мәселелердің бірі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту. Сондай-ақ ана мен бала өмірі әлем дамуының ең күрделі мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы жағдайлардың алдын алмаудың салдарынан аналар мен балалар өлімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық түрлі ауруларға шалдығып,қоғамда жетім, мүгедек балалардың етек алғаны белгілі.
Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің кез-келген түрін жоюға бағытталған конвенцияны қабылдады. Бұл елдегі гендерлік теңдіктің сақталу заңдылықтарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Тұрмысы төмен әйелдерге көмек көрсету жұмысына жалпы ұлттық «әйелдер кедейшілікке қарсы» акциясы ұйымдастырылды, акция барысында көмекке аса зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында облыстар мен қалаларда Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны қорының репродуктивті денсаулығын сақтауға бағытталған жобасы жүзеге асырылды. Ана мен бала өлім-жітімінің Қазақстандағы ең жоғары байқалғандығынан Қазақстанда зәбір көрушілерге арналған дағдарыс орталықтары жүйесі жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша әйелдерге заңды-психологиялық тұрғыда көмек беретін 20-дан астам дағдарыс орталығы бар. Бұл дағдарыс орталығында стационар жағдайында әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға, оның ішінде тұрмыстық зорлық – зомбылыққа әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ғаламдық сипатта және батыстың дамыған елдерінде ерекше әлеуметтік мәселе болып табылады, онда азаматтардың қоғамдық құқықтық нормалары әлеуметтік орталықтардың бақылауында. Қазақстанда жағдай өзгеше: адамдар көп жағдайда отбасындағы қақтығыстарды дәстүрлі түрде, атап айтқанда, гендерлік стереотиптерімен шешеді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі халықтың әсіресе экономикалық деңгейі төмен сатыдағы отбасы мүшелеріне өздеріне деген сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады, қарым-қатынаста жанжал туындатып, нәтижесінде маскүнемдік пен есірткіге салынып, әйел адамдар ер азамат тарапынан отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады.
Қорыта келгенде бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандарды қадірлеуді, отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын-алу үшін қыз баланы сыйлау, құрметтеу мақсатында гендерлік тәрбие бағдарламаларын мектептерге ендіру қажет. Ал дағдарыс орталықтарындағы әйелдердің өзіндік «Мен»-ін жоғарлату, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және БАҚ арқылы орталықтардың бар екендігін насихаттау бүгінгі қоғамның кезек күттірмейтін мәселелері. Ана мен бала жағдайын жақсарту проблемаларының ішінде бұл жұмыстың деңгейі әсіресе әйелдердің өздерінің ұйымдастыруы арқылы жақсы нәтиже береді.
Әлеуметтік қолдау мен қорғауды қажет ететін және қазіргі таңда көкейтесті ең өзекті мәселелердің бірі- ана мен бала , олардың денсаулығы.Сондықтан елімізде ана мен балаға ерекше көңіл аударылуда. Аналар мен балаларға арналған көптеген емдеу орындарын, демалыс орындарын, зерттеу орталықтарын да тегін емделуге жағдайлар жасалуы қажет.
Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау ұлттық саясат деңгейінде жоспарлы түрде жүзеге асыру;
Ана өмірінің қауіпсіздігін сақтауды, жобасын жоспарлауды, жаңа туған нәрестені бір жастан асқанша ана сүтімен қоректендіру алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру.
Сонымен қатар, тағы бір мәселе- нәрестелердің перинаталды өлімі мен олардың аналарының босануы салдарынан өлімге жиі ұшырау болып отыр. Оның негізгі себебі, ең алдымен әйелдердің денсаулығының нашарлығына , әр түрлі аурулармен жиі ауыратындығына , жұқпалы кеселдерді жиі жұқтырып алатын әлсіздіктеріне байланысты болса, содан кейінгі себебі ауыл жұртының әлеуметтік тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, ішерге тамақ, киерге киім таппай кедейленіп кетуі, көпшілік отбасы мүшелерінің жұмыссыз қалуы, бірсыпыра еркектер, тіпті әйелдердің де ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бас ұрулары да басты себеп.Сондай-ақ экологиялық зиянды факторлардың да ана мен бала организміне тигізіп отырған зардабында шек жоқ.
Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің , денсаулық сақтау органдарының , жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Яғни, ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғауда олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Себебі, дүниеге сау ұрпақ алып келу үшін ананың денсаулығы мықты болуы шарт. Ананың бойындағы барлық дерттер тобы ана құрсағындағы нәрестеге берілетіні белгілі. Сондықтан ана өз бойындағы науқас белгілерін сезсе дәрігерге қаралуы қажет.
Бұл ана мен бала өмірі үшін аса қажет жағдай. Бұл ретте мемлекет, үкімет тарапынан жасалып жатқан ізгі істер баршылық. Өйткені ана мен бала- мемлекет пен халықтың баға жетпе байлығы, болашағы. Ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан және жеке құқықтарын қорғай отырып, біз өз болашағымызды, ертеңімізді қорғаймыз.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, білім алу және балалардың құқықтарын қорғау тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Осыған байланысты бүкіл республикада және Түркістан облысында әлеуметтік қамсыздандыруды, тегін білім беруді және бала денсаулығын дамыту үшін жағдай жасалуда.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз,тілалғыш етіп баулыған жөн.
Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да-орны бөлек, әке мен ана баланың алғашқы ұстазы.
Отбасы –ең үлкен ,мықты тәрбие ошағы , шағын мемлекет. Отбасы негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.
Ана мен баланы қорғау жүйесі – бала тууына байланысты және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы туралы
Азаматтардың материалдық қамсыздандыру бөлігінің бірі мемлекеттік жәрдемақылар болып табылады.
Ана мен баланы қолдау үшін республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер көзделген: жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бiр жарым жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне мемлекеттік жәрдемақы, бала бiр жарым жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылар.
Бала тууына байланысты және бала бiр жарым жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыларға кеңінен тоқталатын болсақ.
Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылар республикалық бюджеттен:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
2) бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болмаса бала күтімі жөніндегі жәрдемақы алуға құқығы бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бала бiр жарым жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішпен жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүгінеді. Бірақ, бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс.
Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады, ал бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жарым жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.
Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап, қандастарға бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар есепке алынбайды.
Бала (балалар) тууды тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі «бір терезе» қағидаты негізінде көрсетіледі.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба болғанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті көрсетілетін қызмет) арқылы алуға болады.
Жәрдемақы тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1)өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін. Қандас мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігін ұсынады;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
3) өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
4) балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
5) үшінші тұлғалар өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат.
Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Жәрдемақы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
— бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
— төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
— бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
— екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
— үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
— төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш.
Ел аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» заңын басшылыққа алады. Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған.
Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған. Мемлекеттік саясаттың балалар мүддесі үшін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу, құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру, бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру және балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және өнегелік жағынан дамуына жәрдемдесу сияқты негізгі мақсаттарды айқындаған.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық тудырып, отбасындағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі өзекті екенін атап өтті. Аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Еліміздегі гендерлік стратегия, жүктілік пен босану, еңбек демалысына әлеуметтік қолдау, құқықтық және медициналық көмек, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары іске асырылуда. Бүгінгі зайырлы, құқықтық мемлкетімізде аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, мансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды.
Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға арналған маңызды мереке болмақ. Ендеше, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен Асыл Аналарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі 2024 жыл 12 мамырда «Аналар күні» (мамырдың екінші жексенбісі) және 16 маусымда «Әкелер күні»(маусымның үшінші жексенбісі) мерекелерін Қазақстанда алғаш рет кеңінен атап өтуді бекітті.Осыған орай аналар үшін түрлі консультациялар (құқықтық, психологиялық және т.б.) көрсету мақсатында «Қамқорлық» орталығында 13 — 17 мамыр аралығында « Ашық есік» күні жариялануда. Құқықтық, психологиялық қызметтер алғысы келетін әйелдер қауымы сіздерді орталығымызда күтеміз!!!