Бүгін Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Жаман әрекеттердің алдын алу — ұлттық тәрбиеге бет бұру» тақырыбында М.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізілді.
Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу.
Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану жатады.
Біздің әрқайсысымызда зиянды әдеттер бар, кейде оларды байқамаймыз. Біреулері тырнағын тістелегенді, ал біреулері шашын саусағына орағанды жақсы көреді, бірақ басқа да темекі шегу, есірткеге үйір болу, алкоголизм, ойынқұмарлық, бейпілауыздық сияқты анағұрлым айтарлықтай зиянды әдеттер бар. Айтарлықтай құмарлықтан құтылу, егер адам осыған тәуелді болса, соншалық күрделі, бірақ құтылуға болады. ең бастысы – құтылғысы келу. Зиянды әдеттердің басты кемшілігі өзіне ғана емес, сондай-ақ басқа адамдарға зиян келтіру. Әдеттердің көпшілігінің біздің түсінігіміз бойынша «жаман» деген эпитеті болады. «Үйреніп кету» деген ұғымның өзі психологияда жағымсыз үйрену ретінде түсіндіріледі, оның әсері стимулға реакцияның жоқтығымен түсіндіріледі. Осы түсініктерді толығырақ талқылауға тырысамыз. Алдымен ересектердің әдеттерін аламыз.
Кездесуде қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Б.Көмекбаева қазіргі таңда белең алып жатқан кибербуллинг туралы мағлұматтар беріп, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екендігін түсіндіріп, оқушыларға азаматтық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы қажеттігін сөз етті.
Кездесу соңында оқушылар тақырып аясындағы ой-пікірлерін ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарға жауап алды.