• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«АНА – ОТБАСЫ ЖҮРЕГІ, МЕЙІРІМДІЛІК ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Авг 28, 2024
Spread the love

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана — отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі» атты тақырыпта облыстық ісшара ұйымдастырылды.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, қазақта «Ана – отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі» деген сөз бар. Аудандағы Әжелер алқасымен қатар, Аналар кеңесі қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен отбасылық тәрбиені насихаттау бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, ұрпақ тәрбиесі жолында елеулі еңбек етіп жатқанын атап өтті.
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.
Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ұлттық құндылықтар әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал.
Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әр қайссынын құрмет тұтуымыз қажет. Себеі ұлттық құндылықтар — ұлттың қазынасы.
Осындай ұлттық қазынамыздың арқасында біздің еліміздің жастары салт-дәстүрлерге сай болып, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын сақтаймыз, бірлігіміз қатайя бастайды.
Айта келгенде, бабаларымыз ұрпақтарына осы құндылықтар жетсін, тарыхымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарүа нассихаттауымыз қажет.
Ұлттық құндылықтардың халқымыздың өмірінде алатын орны өзгеше. Қазақтың салт-санасын жаңғырту еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, төл құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу – ұлттық идеяның негізгі бағыты. Ұлттық идея – қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады.
Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қалмақ» деп тұжырым жасаған екен. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлттық құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеу керек.
Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы әр ұлттың өзіндік құндылықтары қалыптасады. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса, барлық салаға өзінің теріс әсерін тигізетіні шүбәсіз.
Бауыржан Момышұлы «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» деген екен. Расында, осынау кең-байтақ атырапты жауға бермей, қасық қаны қалғанша күрескен, жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Олардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да өнеге болмақ.
Отансүйгіштік рух – Тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Осы жерде жас ұрпақ, ең бастысы – отбасында асқақ отансүйгіштік сезімде тәрбиеленуі тиіс. Ұлы Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» дейді. Бала бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана мен ауыл-аймағының ықпалы зор. Отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Сондықтан да бала тәрбиесінің шешуші факторы – отбасы. Баланың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ маңызды іс. Сондықтан да қоғам бұл жұмысқа парасаттылық танытып, байсалдылықпен жұмылуы керек. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениетін, тарихын, бұрынғы-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып, келер буынға дұрыс тәрбие сіңіру мүмкін емес. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, оларды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – қазіргі таңдағы өмір талабы және қоғам қажеттілігі.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам» деген жұрт болмаса, «жұртым» дейтін бала қайдан шығады» деген. Тәрбие барысында ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз еліміздің әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне бейімделе алады деуге болады.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-аналардың борышы. Қоғамдағы басты мәселенің бірі – баланың жеке тұлға болып қалыптасуына отбасылық тәрбиенің әсері қандай?
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Қоғамда жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік белең алып тұр. Өкінішке қарай, балалар өз үйінде қамқорлықты сезе алмай, керісінше жәбір көріп, соққының құрбанына айналып жататын жайттар көп. Бұл тұрғыда бала мен ата-ана қарым қатынасы маңызды.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарайды. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мәселен, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, ересектердің арасындағы дау-дамайды шешу, келіссөз жүргізу сияқты істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы орасан зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрар,қанат қағар ұясы,алтын бесігі.Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты.Әсіресе ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» ғой.Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды.Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ.Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне балаларына қалай қарайтындығына байланысты.Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балаларының қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп ойлайды.Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды 2 алса жаман, 5 алса жақсы.Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана.Міне сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады.Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы,өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным,түсінік қалай қалыртасса ,адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп,бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп,тілі шыға бастамасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды,ұғымтал,тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әр қашан аулақ болуы керек.Ата-анагың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық.Бала тәрбиесі-нәзік те күрделі,қоғамдық жауап кершілікке жатады.Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе,ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза,тәрбиелі азамат болуымыз керек.Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ.Қазыргі кезде баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани байлыығының молаюына ата-анамен бірлесіп еңбек ету,ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тығыз қарым-қатынас орнату ең басты мәселелердің бірі болып таблады.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланыс арттыру және мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал етеді.Ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысын нығайту жолдарын жақсартуға төмендегідей нәтижелерге жетеді.
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті жетіледі; мектеп өміріне белсенділік танытады; өз баласының дұрыс дамуы үшін ата-ананың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы қажеттілігі анықталады; ұл,қыз тәрбиесәне жауапкершілікпен қаралып көңіл бөлінеді.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезінде отбасылық тәрбие үлкен маңызға ие. Сондықтан, бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу — ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару әр қоғамның көкейіндегі басты арманы.
Түркістан облыстық ядролық Семей полигоны ардагерлер кеңесінің төрағасы Құралтай Салықбаев өз сөзінде қазіргі таңда отбасымен қатар, еліміздің түрлі саласында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген нәзік жандыларымыз қаншама?! Ұрпақ үшін ана тәрбиесінен асқан алтын қазық жоқ. Бір сөзбен айтқанда, аймағымыздың алға ілгерілеуіне бір кісідей үлес қосып отырған, “бір қолымен бесігін, бір қолымен әлемді” тербететін аналарымыздың орны қашанда төр екендігін жеткізді.
Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметовтің айтуынша қазақ халқының дәстүрінде әйел — анаға, отбасы ошағының сақтаушысына, әйел — еңбекқорға деген сый — құрмет ерекше болған. Аналарымызды халқымыз әрдайым құрмет тұтып, жұмақты ана табанының астынан іздеген. Адамзат баласы ана алдында қашанда басын иеді, анаға мәңгілік қарыздар. Өйткені, ана – тіршіліктің тірегі, отбасының алтын діңгегі. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының мерейі саналады, — деп ізгі тілегін білдірді.
Ісшара барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, еңбек етіп жүрген әжелер мен аналарымызды Бақытжан Кеңесбекұлы құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатымен және сыйлықтармен марапаттады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, аналарымыз біздің мақтанышымыз және сарқылмас қазынамыз, – деп жиынды қорытындылады Бақытжан Кеңесбекұлы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика