• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АНА МЕН БАЛАНЫ, ОТБАСЫ МЕН НЕКЕ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ БОЙЫНША

Автор:admin

Дек 7, 2022
Spread the love

Қазақстанда қолданып жатқан кешенді шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатында әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, әл-ауқат деңгейін арттыру, отбасының экономикалық дербестігі мен өзін-өзі дамытуын арттыруға қажетті жағдайлар жасау басым сипатқа ие әрі солай болып қалады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауында нақты көрсетілген отбасылық саясаттың және ана болуды көтермелеу қызметінің негізгі бағыттары, сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі бүгінгі күні мемлекеттік жәрдемақы мен қызмет жүйесі арқылы ұсынылған, ол мыналарға бағытталған:
а) бала тууды ынталандыру
— отбасының табысына қарамастан, бюджеттен төленетін бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты берілетін жәрдемақы – олардың көлемі отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған және бүгінде олар енгізілген кезеңдегі мөлшерінен тиісінше 5,3 және 3,1 есеге артық. Мұндай көмекті бүгінгі күні 591 мың ана алады;
Анықтама ретінде: 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақыны төлеуге шығыс көлемі 26,1 млрд. теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыны төлеуге шығыс көлемі 31,1 млрд. теңгені құрады.
— 2008 жылдан бастап енгізілген жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік қатерлер басталған кезде МӘСҚ-дан берілетін әлеуметтік төлемдер. 2014 жылы мұндай әлеуметтік төлемдерді 184 мың ана алды;
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 13,2 мың отбасы, балаларға төленетін жәрдемақыны табысы аз 177 мың отбасы алады.
Зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту шеңберінде кепілдіктерді күшейтуге, 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасуы кезінде кемсітушіліктерді болдырмауға және жұмыспен қамтылуын сақтап қалуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге (Еңбек кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдар) өзгерістер енгізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика