• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ана мен бала денсаулығы – демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын таныстырған болатын. Тұжырымдама жобасында Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Ана мен бала денсаулығы – демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1990 жылдармен салыстырғанда 2017 жылға дейін ана өлімі 4,3 пайызға, бала өлімі мөлшермен 3 пайызға азайған. 1990 жылы 1 жасқа дейінгі 9696 бала қайтыс болған. Бұл сол жылы туған бала санының 26,4 пайызын құраған. Дәл осы жылы тірі туған 100 мың балаға шаққандағы ана өлімі 55-ті көрсеткен. Ал 2016 жылы бала өлімі 8,6 пайызды құраса, ана өлімі туған 100 мың бала бойынша 12,7-ге сәйкес келген. Бұдан Тәуелсіздік жылдары ана мен бала өлімінің едәуір азайғанын байқаймыз. Шыны керек, демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Осы күнге дейін Қазақстандағы ең күрделі мәселелердің бірі – бала мен ана өлімі көрсеткішін азайту еді. Келелі жиындар мен басқосуларда Елбасы мемлекеттің қандай қателіктерді жасап жатқанын түсіну қажеттігін жиі айтады. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Басты мәселе – медициналық қызмет көрсету сапасының артуы. Бұл тұрғыдан соңғы 10 жылда ана өлімі – 3,7 пайызға, бала өлімі – 1,5 пайызға дейін төмендеген. Бүгінде жыл сайын елімізде 300-400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Елбасы айтпақшы, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала. Мұның өзі қазақ ұлтының жас ұлттар санатында екенін аңғартады. Қазақ халқының орташа жасы – 26, орыс және басқа да еуропалық ұлыстардың орташа жасы – 48. Қалай десек те, демографиялық көрсеткішті ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады. Ал егер мемлекеттік тұрғыда ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған шаралар жалғасын тапса, демографиялық өсімнің одан ары дамуына жол ашылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика