• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Альтернативті тәрбиелеу формалары және балаларды асырап алушы отбасыларына жайғастыру тәртібі

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

Отбасынан алып қойылған баланың «сапалы қамқорлығын» қамтамасыз ету мақсатында ұлттық саясатпен альтернативтік қамқорлық бала үшін ең тиімді формада жасалуы қарастырылады. Бірінші кезекте баланың отбасына тәрбиеленуге берудің (тәрбиелеу, қамқорлық, патронат, асырап алу) барлық нұсқалары қарастырылады, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда — жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдарға жіберілуі қарастырылады. Осы мәселелерге жауаптылар бала құқығын қорғау мақсатында қамқорлықтың тиісті орындалуын бақылайтын жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Баланы асырап алушы отбасыға немесе ұйымға қамқорлыққа беру, бір қамқорлық формасынан басқасына ауыстыру баланың ойын ескере отырып, сонымен қатар егер отбасы мүдделі болса, отбасының ойын ескере отырып жүзеге асырылады. Бірақ тәжірибе көрсететіндей интернаттық мекемелерде қамқорлықта тұрған балаларды басқа мекемеге аудару тура- лы немесе қамқорлықтың басқа формасына аудару туралы ойлары барлық кезде ескеріле бермейді. Альтернативтік тәрбиелеу бойынша БҰҰ басшылығы баланың қажеттілігін және баланың отбасына берілу мүмкіндігін ескере отырып тәрбиелеу жоспарын жасауды ойластыруда. Сұрау нәтижелері көрсеткендей заңнамалық деңгейде, сонымен қатар тәжірибеде тәрбиелеудің жеке жоспарларын жасау жүргізіліп жатқан жоқ. Бірақ соған қарамастан балаға қамқорлық жасауды ұйымдастыруға жауапты орган тәрбиелеудің альтернативті формасын таңдауға жауапты болып табылады, тұрақты түрде жылына 1 рет баланы қамқорлыққа беру сараптамасын жасайды және сараптама қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолданады. БҰҰ Басшылық принциптеріне сәйкес мемлекет альтернативті күтім нұсқаларының жиынымен қамтамасыз етуі керек. Ұлттық заңнамада альтернативтік қамқорлықтың түрлі формалары қарастырылады: баланы асырап алу, отбасында немесе балалар мекемелерінде қорғаншылық (қамқоршылық), патронат. Асырап алған отбасында қамқорлықты жүзеге асыратын тұлғаға қойылатын талаптар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 122 б. жазылған. Қорғаншы немесе қамқоршы тек кәмілетке толған тұлғалар бола алады, келесі жағдайлардан басқа: 1) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі іс-әрекетке қабілетті деп танылған түлғалар; 2) сотпен ата-аналық құқығынан айырылған немесе сотпената-аналық құқығынан шектелген тұлғалар; 3) ҚР заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерінен алыстатылған; 4) егер сотпен асырап алушылық солардың кесірі бойынша жойылған жағдайдағы бұрынғы асырап алушылар; 5) денсаулық жағдайлары бойынша тәрбиелеу немесе қамқорлық міндеттерін жүзеге асыра алмайтын тұлғалар.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика