Білім басқармасының ұйымдастыруымен №29 А. Молдағұлова атындағы мектептің құрылғанына 60 жыл, А. Молдағұлованың туылғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс – шара өтті.
Мерекелік іс шараға Қалалық Білім басқармасының басшысы Н.Шамшиева, қалалық мәслихат төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаттары және өзге де қонақтар қатысты.
№29 А. Молдағұлова атындағы мектептің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты мектеп ұжымын мерейлі жасымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген кеш қонақтары Әлия батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Содан кейін қонақтар мектептің фойесіндегі көрмені аралап болған соң, мектептің 66 жылдық тарихына арналған концертін тамашалады.
Мерекелік кеште ұстаздар қауымы қалалық білім басқармасының, қалалық мәслихат төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, кеште мектеп тарихы, мектеп басқарған басшылары, ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертілсе, мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Қоғамымыздың қазiргi даму кезеңi бiлiм беру жүйеciнiң алдына оқыту процеciн технологияландыру проблемаcын қояды. Оқытудың әртүрлi технологиялары әзiрленуде, бiлiм беру мекемелерiнiң практикаcына енгiзiлуде. Жаңа технологияларды игеру мұғалiмнiң зияткерлiк, кәciби, адамгершiлiк, рухани, азаматтық және баcқа да адами қаcиеттерiнiң қалыптаcуына жағымды әcер етедi. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденген және ic жүзiнде жақcы нәтиже бередi. Ұстаздар дәрежесін көтеру мақсатында еңбек ақы көтеріліп жатыр, демек бізге ұстаздарға артылатын үміт те, жауапкершілік те жоғары.
Бүгінгі таңда оқу-білімнің табыстылығына бірден-бір жауапты әлеуметтік институт ретінде орта және негізгі, жоғарғы білім беретін ұйымдарды танимыз. Әрбір білім беру ұйымындағы негізгі тұлға – мұғалімдер мен оқытушылар. Қол жеткізілген оқу нәтижелерінің сапасын білу мұғалімнің табысты жұмысының таптырмас шарты болып табылады, әйтпесе мұғалімнің жұмысы өз мәнін жоғалтады.
Қорытындылап айтқанда, кемел келешегіміз жас ұрпақтың қолында болса, өскелең жасты сапалы білім мен тәлімді тәрбиемен қамту білім беру ұйымдарының құзырындағы жұмыс. Жас буынның жарқын болашаққа сенімді қадам басуы, кейінгі өмір сапасының жоғары деңгейде болуы мектептен алған оқу және білім сапасымен өлшенеді. Сол үшін білім ордаларында қажырлы еңбек етіп жүрген мұғалімдер мен оқытушылардың маңызды рөлін жете түсініп, олардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына барынша жағдай жасау керек.