ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде.
Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 76 азамат өз еркімен 100 дана атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 10-ы кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90-ы тегіс ұңғылы мылтық болды.
Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 000 теңгеден 123 000 теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді.
Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.