Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты өтті, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Бұл жарыс Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталған чемпионатқа Кентау қаласының спортшылары да қатысып, бақтарын сынады.
Азия және Океания чемпионаттың ашылу салтанатына Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ Халықаралық самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев қатысып, спортшыларға сәттілік жолдады.
Ақтау қаласында өтіп жатқан халықаралық жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп қатысуда. Өз қарсыластарынан оза шыққан кентаулықтар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Қыдырәлі Ақбота 1 орын, Нұрбаев Нұрбек 2 орын, Абақова Адина 3 орын, Жамалхан Нұрхан 3 орынды иеленді. Жаттықтырушылары С.Аргимбаев, Қ.Арғымбаев.