Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап азаптауларды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істер прокурорлармен тергеп-тексеріледі.
Олардың жұмысын регламенттеу үшін «Прокуратура органдарында азаптаулар туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін ұйымдастыру туралы» Нұскаулық бекітілді.
Қазіргі күні азаптаулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданды. Барлық құқық қорғау органдары мен түзеу мекемелерінде түгелдей бейнебақылауды енгізу жұмыстары жалғасуда.
Азаптауларды жасау жағдайлары мен себептерін талдау негізінде «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен мен бостандықтарын сақтауды қамтамсыз ету жөніндегі нұскаулықты бекіту туралы» бірлескен бұйрық жасалып, күшіне енді.
Нұсқаулықта кұқық қорғау органдарына азаматтарды тек жеткілікті мәліметтер болған жағдайда ғана жеткізу туралы талаптар каралған.
Тергеушіден басқа, өкілеттігі жоқ тұлғалардың жеткізілген азаматтармен қылмыстық құықық бұзушылықтың мән-жайлары бойынша қандай да бір сөйлесу, әңгімелесу және сұрақ коюды жүргізуге тыйым салынған.
Жеткізілген және ұстап алынған азаматтар шұғыл түрде тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы кабинеттер стандарт бойынша бірінші кабатта, айқын қабырғалармен, бейнебақылау камераларымен жасақталады.
Ұсталғаны туралы дереу оның туысқанына немесе тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс.
Азаматтарды ұстау, жеткізу және алып келу негізділігі мен заңдылығын камтамасыз етуге, сондай-ак, азаптаулар мен баска да катаң, адамгершіліксіз немесе намысты таптауга жол бермеуге аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауаптылыктары бекітілді.
Айғақтарды жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша кейінге калдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азаптаулар жасалған орынға прокурордың дереу шығуы бойынша талаптар қойылды.