• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

АЗАМАТТАРДЫҢ КӨТЕРГЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

Автор:admin

Апр 17, 2025
Spread the love

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың кезекті жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және абаттандыру салаларына қатысты көтерген өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, тұрғын аулаларындағы инфрақұрылымды жақсарту, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру мәселелері ерекше назарға алынды.
Қала әкімі әрбір азаматтың ұсынысы мен өтінішіне мұқият көңіл бөліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген барлық мәселелер белгіленген мерзімдер аясында бақылауға алынатын болады. Сонымен бірге өтініш иелеріне олардың орындалу барысы туралы да тұрақты түрде кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика