• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Автор:admin

Июн 5, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерін көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтарды қабылдау мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік беруде. Қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Қала басшысы өткен жылы 81 елді мекенді аралап, тұрғындармен 473 кездесу өткізген болатын.
Еске саларлық, Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Шымкент қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдаудағы тәжірибесін өзге өңірлерде қолдануды ұсынған болатын.
Еліміздегі кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеуді іске асыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу барысы қаралды. Отырыста бірқатар ведомство басшылары мен Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғ. Қойшыбаев тақырыптар аясында баяндама жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды қабылдау жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес қала басшысы өткен жылы 81 елді мекенді аралап, тұрғындармен 473 кездесу өткізді. Жалпы кездесулерге 56 760 тұрғын қатысып, 2 354 мәселе көтерілген, сұрақтардың 69,1 пайызы оң шешімі тапқан. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қала әкімі әр айдың үшінші сәрсенбісінде азаматтарды бірыңғай қабылдауын өткізуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика