Қоғам дамыған қазірдің өзінде де әлемде адам саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Бұрынғы заманда адамдарды жұмыс істету үшін құлдықта ұстаса, қазір адам саудасын жандануына себепші болатын себептер жетіп артылады. БҰҰ мәлімітне жүгінсек, қазіргі таңда адам саудасы құрбаны болып отырғандардың 70 пайызын әйелдер құрайды екен. Бүгінде қазақстандық азаматтардың да адам саудасының құрбаны болып жатқанын жиі еститін болдық. Сондықтан адам саудасының бізге қатысы жоқ деп бейқам отырудың жөні жоқ. Елімізде адам саудасына қатысты материалдармен танысып, мамандардың пікіріне құлақ түргенімізде, Қазақстанда балалар мен әйелдер, тіпті тепсе темір үзетін ер азаматтардың өздері де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездеседі екен. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде нәзік жандылардың зорлықпен сексуалды қызметтерге пайдалану мен балалардың мәжбүрлеп қайыр тілету, түрлі жұмысқа жегу сынды адам шошырлық әрекеттер орын алуды. Құқық қорғау органдарының келтірген мәліметінше, соңғы үш-төрт жылда мыңдаған азаматтарымыз адам саудасының құрбаны болған. Сондай-ақ, адам саудасы бойынша тек әрбір төртінші қылмыс қана ашылатынын айта кетуіміз керек. Адам саудасына қатысты қылмысты ашып, оны әшкерелеп, қылмыскерлердің жазасын беру де өте қиын іс. Айталық, жас қыздарды алдап-арбап сексуалды қызмет көрсетуге итермелейтін жеңгейтайларға нұсқау берушілердің көпшілігі шетелде отыратынын жасырын емес. Мұндай жағдайда олардың құрықтап, заң алдында жауапқа тарту қиынның-қиыны. Мұндай жағдайда қазақстандық құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен және БҰҰ жанындағы адам саудасына қарсы күрес ісімен тығыз қарым-қатанаста жұмыс істегенде ғана адам саудасына қарсы күрес нәтижелі болатыны анық. Жалпы алғанда адам саудасына қарсы күрес ісіне Қазақстан билігі 2016 жылдан бастап айрықша көңіл бөліп келеді. Дәл жылдан бастап еліміздің аймақтарында адам саудасы мен мәжбүрлі түрде сексуалды қызметке жегілген азаматтарды оңалту орталықтары жұмысын бастаған еді. Адам саудасының құрбанына айналған кез келген адам ауыр психологиялық соққы алатыны белгілі. Дамыған елдерде мұндай адамдардың қалыпты өмірге оралуы үшін оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар біздің елімізде де жүзеге асып, адам саудасынан жапа шеккен азаматтар оңалту орталықтары жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Бүгінде жас қыздарды шетелде жоғары жалақыға жұмыс істеуге шақыратын ұйымдар өте көп. Оң мен солын танымаған жас қыздар осындай ұйымдардың қармағын түскен соң, мәжбүрлі түрде сексуалды қызметке жегілетіні жасырын емес. Бүгінде өрімдей жас қыздарды қылмыскерлердің қолынан арашалап алу азыдық етеді. Мұндай жағдайға тап болған әйелдерді қоғамда дұрыс қабылдамайды. Осыдан кейін олар үлкен күйзеліске ұшырап, өзіне қол салуға дейін баратыны жасырын емес. Қазақстан билігі осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін аудам саудасының құрбанына айналған азаматтарды оңалту орталығын ашып, жұмыс істеп жатқанын қуаны құптаумыз керек. Біздер адам саудасының түбіріне балта шабу үшін қоғам болып күресуіміз керек. Бұл үшін біздің жастарымыз білімді, көзі ашық болуы керек. Сол сияқты құқық қорғау органдары да азамттардың алдап-арбайтын ұйымдарды тез арада анықтап, олардың жұмысына тосқауыл қойып отыруы шарт. Бұл ретте құқық қорғау органдарына ел азаматтары мен адам саудасынан сақтандыру үшін құрылған қоғамдық ұйымдарда қол ұшын созуы тиіс.
R-ақпарат