• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС(9)

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

Елдің сипаттамасы:
Соңғы бес жылдағы есептерде көрсетілгендей Қазақстан сексуалдық пайдалану мен мәжбүрлі еңбекке ұшыраған ерлер, әйелдер мен балалардың жеткізілетін елі және кіші дәрежеде шыққан елі мен транзит елі болып табылады. Ішкі адам саудасы үнемі проблема болып қала береді, себебі ауылдық жерлердегі адамдар, қара ниетті тұлғалар тарапынан ұсынылатын жұмысқа тұрғызу уәдесіне байланысты ірі қалаларға көшіп жатыр.
Қазақстандық ерлер мен әйелдер негізінен Ресейде, сондай-ақ Бахрейнде, Бразилияда, Корея Республикасында, Түркияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде еңбекке тартылады. Қазақстандық әйелдер мен қыздар Таяу Шығыста, Еуропада, Шығыс Азияда және АҚШ-та сексуалдық түрде пайдаланылады. Қазақстанда Орталық Азия мен Шығыс Еуропа көршілес елдерінің, сондай-ақ Қазақстанның ауылдық аймақтарының әйелдері мен қыздары сексуалдық түрде пайдаланылуда. Көптеген жағдайларда, адам саудагерлері жас қыздар мен әйелдерді, оларға ірі қалаларда официант, модель немесе бала қараушы ретінде жұмыс тауып беруге уәде берумен қызықтырып, пайдаланып келген. Кейбір балаларды сұрамсақтыққа мәжбүрлеген, ал басқаларды қылмыстық әрекеттерге тартқан. Ел астанасы — Астанадағы, қаржы астанасы — Алматыдағы және батыс мұнай қалалары Ақтау мен Атыраудағы салыстырмалы экономикалық өркендеу Қазақстанның ауылдық жерлерінен көптеген азаматтарды тартады, және олардың кейбіреулері еңбек және жыныстық қанаушылыққа ұшырайды.
Қытай, Филиппин, Украина, Қазақстан және басқа да Орта Азия елдерінің азаматтары, әсіресе Өзбекстаннан келген ерлер мен әйелдер, Қазақстанда тұрмыстық қызметкерлер ретінде, құрылыс және ауыл шаруашылығында мәжбүрлі еңбекке тартылып келген. Ресей Федерациясы Өзбекстаннан шамамен миллионға жуық заңсыз мигранттарға кіруге тыйым салғандықтан, олардың көпшілігі Қазақстанға уақытша жұмыс іздеп, тұрғын үйді іздей бастады, бұл оларды адам саудасының қауіптілігіне душар етті. 2014 жылдан
бастап, тыйым салу күшіне енгеннен кейін, ҮЕҰ жыл сайын 100-ден астам шетелдік құрбандарды анықтап отырған, бұл, бәлкім, осы мигранттардың тобында құрбан болғандардың жалпы санының тек аз ғана бөлігі шығар.
Қазақстандағы адам саудасының көптеген құрбандары, өздерінің жалған және алаяқтықпен, кейде достары мен таныстары тарапынан азапталып жатқанын және кейде Қазақстанда ұсақ ұйымдасқан қылмыстық топтармен қолданылғандықтарын айтқан. Адам саудагерлері құқық қорғау органдарының қатаң саясатын мигранттарды қолдануға мәжбүрлеу үшін пайдаланады: адам саудагерлері, жәбірленушілерге олар туралы құқық қорғау органдарына жеткізсе, оларға қарсы жаза қолданылып және жер аударылулары мүмкін екенін айту арқылы қорқытып, зардап шегушілердің арасында құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік тудырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика