Қылмыстық қудалау:
Адам саудасымен күрес саласындағы құқық қорғау органдарының жұмысы төмендеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128, 134, 135 және 308-баптарында адам саудасының барлық нысандарын қылмыстық қудалау көзделген. Дегенмен, заңнамада халықаралық құқықтың адам саудасының анықтамасына қайшы келетін қылмыстың негізгі элементтері емес, күш қолдану, алдау немесе мәжбүрлеуді ауырлататын жағдай ретінде қарастырады. Заңда ересектерге қарсы жасалған адам саудасы қылмысы үшін
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза және балаларға қарсы — бес жылдан жеті жылға дейін жазалау көзделген. Егер ауырлататын жағдайлар болса, бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл жазалар айтарлықтай қатаң болып табылады, ал сексуалдық пайдалану жағдайында зорлау сияқты басқа да ауыр қылмыстарға сәйкес жаза тағайындалады. Қылмыстық кодекстің 68-бабы адам саудасына қарсы қылмыстық істі тоқтату үшін, адам саудасына қатысты күдіктіге адам саудасының құрбандарына ақшалай өтемақы төлеуге мүмкіндік береді. Бұл құқық кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық құқық бұзушылықтар туралы істерде қолданыла алмаса да, ол 128-баптың 1-бөлігі бойынша адам саудасының өзге де нысандарында қолданылуы мүмкін. 2017 жылы адам саудасына қатысты ешқай іске қарсы осы бап қолданылған жоқ.
2017 жылы полиция адам саудасының 101 жағдайын тергеді (2016 жылғы 147 жағдаймен салыстырғанда). Билік органдары сот процестерінің саны туралы есеп берген жоқ. Жиырма тоғыз айыптау үкімі шығарылды (2016 жылы — 45):
-жыныстық қанаушылық үшін сотталған 20 адамға 2,5 жылдан бастап шартты түрде, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды;
-сегіз адам еңбекті қанау мақсатында жасалған адам саудасы үшін үш жарым жылдан он жылға дейінгі мерзімдерге сотталды;
-бір адам саудагері қылмыстық заң бұзушылыққа мәжбүрлеу қылмысы үшін алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұдан басқа, адам саудасына байланысты қылмыстар үшін 200 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру қылмыстары бар. ҮЕҰ
(Үкіметтік емес ұйымдарының) хабарлауынша, адам саудагерлері қылмыстық қудалаудан құтылу мақсатында төменгі лауазымдағы полиция қызметкерлерін параға жығу әрекеттерін іске асырған, сондай-ақ кейбір полиция қызметкерлері мәжбүрлі еңбек немесе жыныстық қанаушылыққа қатысты құқық бұзушылықтарының жасалуына жәрдемдескен. 2017 жылдың маусым айында Ақтөбеде мемлекеттік басқарылатын теміржол вокзалының бұрынғы басшысы үш адамға қарсы жасалған еңбекті қанау қылмысы үшін бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. 2017 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласындағы жергілікті полиция қызметкері саунаның иесінен жыныстық қызметтерді алу мақсатында жасалған бопсалаушылық қылмысы үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.