• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАРҒА ЖАЗА

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

Елімізде адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда.

Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8 бабымен жауапкершілік көзделген, ең жоғарғы жазалау шарасы – 18 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру. Көрсетілген нормаларға соңғы өзгерістер 2019 жылғы желтоқсанда енгізілді. Сонымен, кәмелетке толмағандардың саудасы және оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту үшін жаза күшейтілді.

«Құлдыққа түскен көршілес ел азаматтары ең алдымен қожайынымен келісіп жұмыс жасайды. Қожайындар кепілдік ретінде олардың құжаттарын алып қояды. Кейіннен өзі жалдаған адамның еңбек ақысын беруден бас тартады. Тіпті кейбір жұмыс берушілер жұмыскердің үстінен «заттарымды ұрлады» деп өтірік арыз жазатын кездер болады. Депортациядан, қылмыстық жауапкершіліктен қорыққан мигранттар құжатын қайта алу үшін бәріне келіседі. Көп жағдайда олардың туған елдеріне қайтуға ақшалары болмай жатады. Ақысын ала алмаған шетелдік еңбек мигранттарын топтап қайтаратын сәттер болған. Биыл біз Молдавия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Украина азаматтарының өз елдеріне қайтуларына қол ұшын создық. Өкініштісі, Қазақстанда құлдыққа түсетін шетел азаматтары мұнда ешнәрсе дәлелдей алмайды. Бірақ өз елдеріне барған соң, жауап берушінің ісін сотқа дейін жеткізеді. Бізде эксплутатор өзбек сотының үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылған жағдай бар. Орталық Азияның өзге мемлекеттері сынды Қазақстанға да адам саудасына қатысты заңға түзету енгізетін уақыт жетті» Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Оның шеңберінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға хаттамалық ұсынымдар беріледі. Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ротациялық негізде екі жыл мерзімділікпен жұмыс органдары болып табылады.

Азаматтық сектор бойынша 22 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, мемлекеттік органдар олармен бірлесіп ақпараттық жұмыстар, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен тренингтер өткізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен адам саудасы құрбандарын оңалту бағдарламалары енгізілді. Сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде адам саудасынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу көзделген. ІІМ құрылымында осы санаттағы қылмыстарды анықтаумен, жолын кесумен және ашумен айналысатын адам саудасына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелер жұмыс істейді. Бұдан басқа, полиция органдары тоқсан сайын мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

ҚҰЛДЫҚТАН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

Мұндай жағдайға тап болмас үшін және адам саудасының құрбаны болмау үшін келесі ұсынымдарды ұсынамыз: ешкімге жеке басын куәландыратын құжаттарды бермеу; жұмыс туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеу; басқа қалаға немесе елге барған кезде байланыс телефондары мен мекен-жайларды қалдыру.  Егер біреу осындай жағдайға тап болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, 102 нөміріне немесе «116 16» сенім телефонына дереу хабарласу қажет.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика