• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Адам саудасы Қазақстанды айналып өтпейді.

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

Құзырлы орындар елімізде адам саудасы жаппай сипатта емес, алайда жыл сайын бұл бағыттағы қылмыстар саны артуда екенін айтады. Бас прокуратураның мəліметінше, осыдан екі жыл бұрын адам саудасына қатысты 267 қылмыс ашылса, былтыр – 350, ал ағымдағы жылдың 9 айының өзінде 262 қылмыс тіркеліпті. Адам саудасына қатысты қылмыстарды жасағаны үшін сотталған азаматтар саны артқан. 2012 ж. – 116, 2013 ж. – 166, 2014 ж. 184 адам, 2015 ж. заңсыз əрекеті үшін темір торға тоғытылыпты. Халықаралық миграция ұйымының статистикасы бойынша, 2004–2014 жж. арасында осы ұйымнан көмек алған адамдардың 50 % қазақстандықтар екен. Екінші орында Ресей, Молдова, Филиппин жəне Қытай елі тұр. Ұйымның дерегіне қарағанда, адам саудасы бойынша жəбір көретін əрбір жетінші адам кəмелеттік жасқа толмаған жəне олар Қазақстан азаматтары болған.

Өзіміз көріп отырғанымыздай, бір ғана елдің аталған қылмыстылыққа қарсы тұруға қауқары жетпейді. Сондықтан адам саудасымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайта түсу бағытында жұмыстарды əрі қарай да жүзеге асыра беру қажет.

Адам саудасы қылмыстылығының трансұлттылығы мен ұйымдасқан сипатта болуы шетелдік заңнамаларды зерттеу мен аталған қылмыстық құқықбұзудың профилактикасы мен алдын алуда практикалық тəжірибені зерттеудің қажеттілігін шарттастырады. Аталған талдаулар Қазақстандағы адам саудасы қылмыстық құқықбұзуларының профилактикасы субъектілерінің барлығының іс- қимылын жетілдіру бойынша тиісті шараларды əзірлеу үшін өте маңызды.

  1. Бүгінгі күні адам саудасына қатысты мемлекеттердің заңнамасында нормалар бекітілгеніне қарамастан, адам саудасына қарсы тұру туралы арнайы заңдар қабылдау қажеттілігі бұл құбылыстың себептерін жою керектігімен, оларға назар аудармаудың дүниежүзінің əлеуметтік, экономикалық теңгерімсіздігіне, тұрақсыздығына əкелуімен түсіндіріледі.
  2. Адам саудасы мен оның құрбандары, қылмыскерлерге қатысты, оның масштабына қатысты мəліметтер адам саудасымен күрес саясатын негіздеу үшін қажет.
  3. Шет елдерде адам саудасын жою үшін құқықтық негіз қалыптастыруда негізгі жаза мерзімін арттыру арқылы (50 % дейін) көрінетін қызықты нормалар бар екенін айтуға болады.
  4. Адам саудасына қатысты мəліметтердің ашық жариялануы да, БАҚ-та таратылатын ақпараттарда қылмыстардың жасалу тəсілі, құрылып берілген жоспардай уақыты, жері, күдіктілердің түр-сипаты, жəбірленушілер туралы ақпараттар қорғау органдарының əлеуеті туралы мəліметтер толып жүр. Оларды саралап, дұрысы мен бұрысын қадағалап отырған мемлекеттік орган жоқ. Дүниежүзілік ақпараттар ағымының дұрыстығы мен нақтылығы əртүрлі зерттеулер негізінде Халықаралық Миграция Ұйымымен жүргізілетіндіктен, осы ұйымның адам саудасына қатысты деректері мен бұл құбылыстың алдын алуға қатысты мəліметтерін мемлекеттер басшылыққа алып, мүшелігіне өтуі тиіс.
  5. Адам саудасының құрбандары жəне олармен байланысты құбылыстар сияқты мəжбүрлі еңбек жəне мəжбүрлеп неке қию сияқты ғаламдық деректер көздері құнды бастапқы деректер болып табылады жəне əдіснама мен қолжетімділік тұрғысынан үздіксіз жақсартылуда. Дегенмен, осы күрделі жұмыстарға шектеулер бар, оның ішінде сыртқы мүдделі тараптар үшін деректерге қолжеткізу жəне оларды əртүрлі бастамаларда пайдалану салыстырмалы түрде шектелген. Деректерге қолжеткізудің шектелгендігінің себебі БҰҰ статистикалық деректеріне (БҰҰ, 2013) сəйкес, бұл деректер қатаң құпия болып табылады жəне тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы тиіс.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика