• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Адам — есірткі мен қарудан кейінгі ең өтімді тауар…

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

Адам саудасы — бірнеше жүздеген жыл бойы жалғасып келе жатқан, дүние жүзіндегі алып ұйымдар бірлесіп күрессе де, тамыры біржола қиылмай отырған аса ауыр қылмыстардың бірі. БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясының қосымшасы ретіндегі адам саудасына қатысты Палерм хаттамасында айтылғандай, адам саудасы дегеніміз —  адамдарды пайдалану мақсатында қылмыстық әрекетке тарту, басқа жаққа алып өту, өзгеге беру, жасыру немесе күш көрсету, мәжбүрлеу арқылы ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билікті пайдалану немесе басқа тұлғалардың бақылауындағы адамдарды өтем орнына сату. Түсініктірек айтқанда, адамды өз еркінен тыс құлдықта, күңдікте ұстау.

Деректерге қарағанда, «құлдық» термині ежелгі Үндістан, Қытай, Египет, Рим секілді әлемнің бірқатар елдерінде пайда болған екен. Адам еңбегін қанау, әйелдерді жезөкшелікке салу ерте замандардан бері келе жатқан жағдайлардың бірі. Сарапшылардың айтуынша, ХІХ ғасырдың соңында адам саудасы ерекше қарқынмен дами бастапты. Қазіргі уақытта дүние жүзінде адам саудасын ұйымдастырушылар миллиард долларлаған табыс табатын көрінеді. Сол себепті адам табыс түсіретін тауар ретінде есірткі мен қарудан кейінгі үшінші орында тұр.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, қазір ТМД елдерінен әйелдерді жезөкшелік мақсатта пайдалану үшін басқа елдерге алып шығу халықаралық «апаттық» мәселе деңгейіне көтерілді. Қазақстан бұл тізімде ойып тұрып орын алады екен…

Қазақстан Республикасындағы халықаралық көші-қон ұйымы әзірлеген құқықтық құжаттарға сүйене отырып сөйлесек, адам саудасымен айналысатын компаниялар қой терісін жамылған қасқырдың әрекетін қолданып отыр — оларды сыртынан қарасаң, кәдімгі туристік фирмалар, жұмысқа шақыратын агенттіктер, тіпті қонақүйлер. Ал іші түтін. (Рас, барлық турфирмалар, қонақүйлер, агенттіктер «қасқыр» деген сөз емес бұл). Бұлар пәлен жерде пайда бар деп адамдарды алдап, шетелге жұмысқа шақырады, барған соң, құжаттарын тартып алып, өздерін құқы да, бостандығы да жоқ заңсыз жүрген бейшараның қалпына түсіреді, пайда түгілі бақыр таппаған олар мойнына қамыт іліп, қор болып қалады. Ал еңбек һәм сексуалдық құлдықтан оңай сытылып кету екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Себебі, сарапшылардың айтуынша, адам саудасының басы-қасында негізінен ұйымдасқан қылмыстық топ жүреді. Мамандар «тірі тауарды» пайдаланудың екі түрі бар екенін айтады, олар — адамның еңбегін пайдалану және физиологиялық параметрлеріне байланысты адамның өзін пайдалану. Алғашқысының құрығына әдетте ер адамдар түссе, екіншісінің құрбаны әйелдер мен балалар болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика