• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«АДАЛ АЗАМАТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

«Әділ Қазақстан» ұлттық идеясын қалыптастыру бойынша және «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету үшін заңнаманы түсіндіру бойынша Бас прокуратураның 2024 жылға арналған Медиа -жоспарын орындау бойынша бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ергали Балабековпен Кентау қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ғалымжан Бердишевпен брифинг өтті.
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің 2024 жылдың 4 айында Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ағымдағы жылда (4 ай ішінде) 4 бағыт бойынша 84 адамға 93 қызмет көрсетілген.
Жайсыз отбасылардың жағдайын зерделеу үшін құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе үй аралау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, 32 отбасыға талдау жұмыстары жүргізіліп жайсыз 5 отбасына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алуына көмек берілген.
Пробация қызметі бойынша 2024 жылдың –мамыр айында жалпы -71- адам есепте тұр. Атап айтқанда;
— белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айрылған — 11- адам,
— қоғамдық жұмысқа сотталғандар -4–адам,
— бас бостандығын шектеуге сотталған -52- адам,
— шартты түрде сотталғандар адам,
— жазасын өтеуді кейінге қалдырылған — 1 — адам.
Оның ішінде: әйелдер саны -6- адам, кәмелет жасына толмағандар -1- адам,
Жиын соңында журналистер тарапынан сұрақтарға жауаптар беріліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика