Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде автокөліктің есігін бұзып, мотор мен құрал-саймандарын ұрлап сатқан екі жас азаматты қолға түсірді.
Белгілі болғандай, екі күдікті ақылдасып, түнгі уақытта танысының үйіне ұрлыққа түскен. Олар автокөліктің есігін бұзып, ұрлаған мотор мен көліктің құрал-саймандарын алыпсатарларға өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекетінің арқасында қолды болған мүліктер тәркіленіп, заңды иесіне тапсырылды. Күдіктілер қамауға алынып, іс сотқа жолданды.
Автокөліктен бағалы заттарды ұрлаған екі жігіттің ісі сотта қаралуда
