• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«АВТОКӨЛІК» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Май 22, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің нұсқауына және Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара аясында қолданылған автобөлшектерін сататын орындарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Шараның мақсаты — автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетудің алдын алу және ол қылмыстарды ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру.
Сонымен қатар, облыс аумағында «Қауіпсіз қоғам» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру. Сондай-ақ автожолдарда қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарының ауырлығын төмендетуге бағытталған жедел әсер тигізу рейдтік шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Аталған іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін аудан, қалалық полиция басқарма, бөлімдерінің полицейлері қарқынды қызмет атқаруда. Келес ауданы ПБ-нің тәртіп сақшылары бұл шараға ерекше форматта өз үлестерін қосуда. Нақтырақ айтқанда, кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, аудандағы білім беру мекемелеріне жасанды жол кедергілері мен жылдамдықты шектеу жол белгілері қойылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика