Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Осыны жадында ұстайтын Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад, Базарқақпа тұрғын алаптарының тұрғындары «Ең бастысы – ел тыныштығы» деп отыр.
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алаптарында жергілікті жұртшылықпен кездесулер өткізілді.
«Қазіргі кезде елімізге ең қажеттісі – ел бірлігі екені белгілі. Айналамызда бүгінгідей алмағайып заманда сан түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратын кең-байтақ еліміздегі тыныштыққа тіксіне қарайтындар да жоқ емес.
Елдің біртұтастығын әрбіріміз көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Ол үшін барлығымыз қолданыстағы заңнамаларды орындасақ, мемлекеттік тілдің мерейін асырсақ, барша жастарымыз міндетті әскери борышын уақтылы өтесе, барлық этностар қазақ халқының маңына топтасса жетіп жатыр», — деді кездесулерде қатысқан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақов.
Жалпы, қазірге дейін Абдулабад пен Базарқақпа тұрғын алаптарына қатысты қандай да бір теріс жағдайлар, келеңсіздіктер орын алған емес. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан тұрғындар ең бастысы елде тыныштық болсын дейді.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетіп отыр. Соңғы кездері бірлік сөзін жиі айтып жүрміз. Елдің барлығы бізге бірлік керек деп жатады. Ел болған соң, бірлік бізге ауадай қажет. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөз соның айғағы іспеттес. Бірақ та бүгінгі алмағайып заманда сол сөздің қадірін, мағынасын ғана біліп қоймай оны қалай жасау керектігін түсінгеніміз абзал.