Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара Жиделі шағынауданындағы Шақаркөл көшесі бойында өтті.
Сенбілік жұмыстары барысында жол жиегіндегі инертті қалдықтар жиналды, ағаш бұтақтары кесіліп, ағаштар әктелді. Сонымен қатар, арамшөптер орылып, ирригациялық арық жүйелері қоқыстан тазартылды.
Тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындармен қатар, коммуналдық қызмет өкілдері де белсене қатысты. Жалпы саны 300-ге жуық адам сенбілікке тартылды.
Іс-шара барысында 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, жалпы ұзындығы 2000 метр болатын арық жүйесі, 5000 метр жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиектері тазартылып, 5 тонна көлеміндегі тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
Аталған шара аудан аумағын абаттандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.