Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction Group» ЖШС.
Айта кететін, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының талаптарын жүзеге асыру Шымкентте жақсы жолға қойылған. Қаладағы 5 ауданда да аула, шағынаудан, тұрғын алап халқының қатысуымен шешілетін бұл бюджеттің шарапатын көріп отырғандар өте көп.
Мысалы, бір ғана Абай ауданы аумағында биылдың өзінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Сол жоспардағы нысандардың бірі жуырда «Самал-3» шағынауданындағы Абдраманов көшесінде жүзеге асты. Осы көше тұрғындары үшін спорт алаңы пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «BAK Construction Group» ЖШС заманауи талаптарға сай алаңшаны балаларға мереке қарсаңында тарту етті. Сондай-ақ, Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында «Асар-2» шағынауданы Нұржол көшесінде ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нысандардың құрылысын «Бадам-Кум LTD» компаниясы жүргізген.
Шілде айында тағы да 20 балалар алаңшасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл балалардың жазғы демалыс күндерін салауатты өмір салтын құруға, достарымен спорттық ойындар ойнап, уақытты тиімді өткізуіне негіз болғалы тұр.
Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданы Нұржол көшесінде ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нысандардың құрылысын «Бадам-Кум LTD» компаниясы жүргізді. Шілде айында тағы да 20 балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі