Жастар — қоғамның жемісі және оны түрлендіруші күш екенін анықтау. Бұл шындықты түсіну өскелең ұрпаққа қатысты обьективті дұрыс саясаттың алғышарты болып табылады. Адам өмірге, келешегіне негіз болып табылатын қатынастар жүйесімен, өндіруші күштердің белгілі деңгейімен, мәдениетпен күнделікті кездесетінін ұғындыру. Өмір жолының сипаты, оның бағыты, оның түрлендіруші күші көптеген жағдайда адам басынан өткен жағдайлармен анықталады. Теориялық тұрғыда әр адам өмірде рационалды өмір сүруге құқылы, олардың іске асырылуы да асырылмауы да мүмкін, кей жағдайларда ол бірте-бірте қоғамдық дамудың ыдырауына алып келеді. Бұл көп жағдайда қоғамға, тұтас мемлекетке, олардың бұл мәселе жайлы көзқарасына байланысты болуына назар аударылады. Жастардың қоғамдық-саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі, жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты. Осы орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропалық елдер жастарға көп үміт артады [1]. Сондықтан жастардың санасындағы «құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын факторлардың қатарына жатады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп жағдайда жастардың әлеуметтік белсенділігіне қатысты екені даусыз. Сондықтан жастардың жетілуінің сапалық деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың қалыптасуы да үш бірдей фактордың — жастар белсенділігінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары мен жастар саясаты, оның мәдени бетбұрыстарының жиынтығынан және қазіргі кездегі жастардың белсенділігінің әлеуметтік-мәдени болмысына тәуелді болуымен байланыстырылады. Жастар белсенділігі қоғамдық жүйенің дәрежесіне, елдегі саяси-әлеуметтік реформаларға, демократиялық бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, яғни жастар белсенділігінің әр кезде мәдени құндылықтық негіздерін анықтап отырудың заңдылыққа айналуымен байланыстырылады. Сонымен бірге, жастар белсенділігі қоғам мен билік арасындағы алшақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы әлеуметтік-мәдени ортада өз құқығын қорғамақ шешімнен, жаңа қауымдастықта өз орны мен рөлін қалыптастырмақ талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты жастар туралы түсінікте, жастар белсенділігінің қалыптасуы мен ол туралы көзқарастардың әрқалай қабылдауы және таралуы табиғи құбылыс. Жастардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарына ықпал ететін көптеген факторлар бар. Атап айтар болсақ, олардың қызығушылықтары, қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің ұстанымы т.б. – жас ұрпақтың мәдени бағдарына әрқалай ықпал етуде. Қазіргі нарықтық жағдайда құндылық туралы түсініктер мен бағыттар өзара үйлесе бермейді де, сол алшақтық белгілі бір деңгейде жастар арасында құлдырауға тап болғандығы да шындық. Мұның басты себебі ретінде, жастардың өркениеттілік, мәдениеттілік тұрғысынан өзіндік үлгісінің ауытқушылығы деуге болады. Сонымен бірге, төл мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың негізін құрайтын салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті сақтап қалу да барынша маңызды мәселелердің қатарына жатады. Жастардың құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының рухани мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылуды ең бірінші міндетке айналдыру қажет. Осы мақсатта «Zhas Project» жобасын іске асыру мақсатында ҮЕҰ-ға гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс жарияланды «Zhas Project» әлеуметтік жағынан осал топтардағы, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастарды өз елді мекендерін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға, өнімді жұмыспен қамтуға тарту, сондай-ақ жастардың бизнес-идеяларын жергілікті жерлерде қолдауға бағытталған. Бұл жоба Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында пилоттық режимде жүргізілуде. ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 17 маусымда сағат 18:30-да аяқталады. Анықтама телефондары: 8 (7172) 79-08-05, 8 (7172) 79-08-79, 8 (7172) 79-08-03, 8 (7172) 79-08-04. Гранттар конкурсы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады. https://cisc.kz/21935-21935.html
R-ақпарат